Ақтөбеде мекеме қызметкерлері тергеу изоляторына бауырсаққа жасырып кіргізбек болған телефонды тәркіледі

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/1 тергеу изоляторының тәртіп және күзет қызметкерлері аталған мекемеде қамауда отырған сотталғанмен кездесуге келген азаматтың сәлемдемелерін тексеру кезінде, фальга қағазына оралған, қолдан пісірілген бауырсақтың ішінен «Nokia» шағын телефонын тауып, тәркіледі.

Кездесуге келген Ақтөбе облысының 24 жастағы тұрғыны мекемеге тыйым салынған затты «есірткімен айналысу» бойынша қамауда отырған ағасына жеткізбек болған.

«Азамат С. М. өзінің түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, материал Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.
Сонымен қатар, мекемеге ұялы телефон алып кірмек болған азамат 1 жыл бойы мекемеге кездесуге келу құқығынан айырылады», — деп хабарлайды Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?