Алматы полициясы 24 жыл бұрын Беларуссияда кісі өлтірген адамды ұстады. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Канат Тәймерденов хабарлады.

«Іздеу» ЖАІШ шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алматы қаласының жедел қызметкерлері ерекше қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікпен 67 жастағы К.азаматты ұстады. Белгіленгендей, ол соңғы жылдары Алматы маңында жасырынған.
«К.азамат 1996 жылдан бастап, біздің Беларуссиядан келген әріптестеріміздің ақпараты бойынша, ол, адам өлтірді деген күдікпен іздеуде болды және күдікті ретінде Беларусь Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс бойынша іздестірілуде. Анықталғаны, К.азамат өз елінде бұзақылық үшін және адам денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін екі рет сотталған. Қазіргі уақытта ұсталған адам Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көп ұзамай ол Беларусь Республикасының Минск қаласына экстрадицияланып, жергілікті сот алдында жауап береді », — деп түйіндеді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Еркін Іңкәров. Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?