Алматыда сатып алулар саласында алаяқтықпен айналысқан адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі хабарлады.

Алмалы аудандық полиция Басқармасының тергеу бөлімі сатып алулар бойынша бірқатар алаяқтыққа қатысты қылмыстық істерді тергеп жатыр.
«Күдікті — 1983 жылы туған К.есімді азамат, Алматы облысының тумасы, тендер өткізу ресурсы арқылы тапсырыс берушілерді тауып, оларға электр қондырғыларын орнату және нысандарды салу үшін қысқа мерзімде тауарларды жеткізу бойынша өз қызметтерін ұсынды. Ер адам жоқ электронды шот-фактураларды, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді қолдан жасаған. Осылайша, ол адал кәсіпкерлерді адастырды. Полицияға арызбен 15-тен астам адам жүгінді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды », — деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.
Сонымен қатар, полиция К. мырзаның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Алмалы ауданының полиция Басқармасына келесі нөмірлер бойынша хабарласуға шақырады: 8-708-707-92-02; 8-702-333-42-64; 8-705-711-13-71.

Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?