Бүгін сағат 16:38 шамасында Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бадам ауылының жанындағы Арыс-Шымкент автожолында «ВАЗ» және «Мазда» автокөліктері соқтығысты. Оқиға салдарынан 3 адам қаза тапты (1 ер адам » ВАЗ » жолаушысы мен екі әйел «Мазда» жолаушылары). Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаменті басшысы, генерал-майор Қайрат Дәлбеков мәлімдеді.

Сондай-ақ жедел-жәрдем көлігінде тағы 5 адам ауруханаға жеткізілді. Ал «ВАЗ » автокөлігінің Ресей Федерациясында тіркелгені анықталды. Қазіргі уақытта оқиға орнында Ордабасылық полицейлер мен департаментіміздің анықтаушылары жұмыс жасап жатыр. Бұл жайт СДТБТ-ға ҚР ҚК 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Жол апатының толық мән-жайы әлі де анықталатын болады.
Сіздерге ескертіп өткім келеді, жолда жүргенде қандай жағдай болмасын алаңдап, жол бағытыңыздан жаңылмаңыз. Және асығыстық жасап, қарама-қарсы бағытқа өтпеңіз. Себебі сіздің жол ережелерін өрескел бұзуыңыздың салдарынан өзге адамдардың өміріне қауіп төнеді. Қаншама жазықсыз жандар жүргізушілердің қателігінен ажал құшты. Сондықтан жолдың қателікті кешірмейтіндігін ескеріп, жол ережелерін қатаң ұстаныңыздар! Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?