Қазақстанға келген шетелдіктерді Туристік полиция қызметкерлері осылай қарсы алады.

Негізі, полиция қызметін цифрландыру мен дамытуда және оның халықаралық имиджін қалыптастыруда туристік полицияның маңызы зор. Құрылғанына бір жылдан астам уақыт өткен құрылым қызметкерлерін астанамыздың көрікті орындарынан кездестіре аламыз.

Елорда бойынша туристік полиция пункті орналасқан төрт негізгі нысан бар. Олар – «Қазақ елі» мен «Бәйтерек» монументтері, «Ғашықтар паркі» және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі.

Тіл білуден бөлек шетелдік азаматтармен тікелей жұмыс істейтін тәртіп сақшылары мемлекет және ескерткіштер мен монументтердің тарихын білулері керек. Талап бойынша туристік полиция қызметкерлері саяхатшылардың тарих туралы сұрақтарына еркін жауап беруі тиіс.
Туристік полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, елімізге келген қонақтарға көмек беріп келеді. Ержан Саденов, Нұр-Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?