Жамбыл облысы Полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасына 10 жасар баланың әжесі Виктория Викторовна Михайлова жазба қалдырған. Ол немересіне Полиция департаменті бойынша экскурсия ұйымдастырғысы келетінін, тіпті генералмен оны кездестіруді қалайтыны жөнінде жазған. Әжесі немересі Константиннің- үлгілі оқушы, «Ақбота», «Пони», «Русский медвежонок», «Кенгуру» секілді зияткерлік конкурстардың жүлдегері екенін, сондай-ақ немересінің ұдайы патрульдік полиция көліктерін ерекше қызығушылықпен бақылап отыратынын жазған.

Әжесінің қалдырған осы өтініші Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Қуанышұлы Сүлейменовтің назарына жеткізілді.Ол баланы қабылдауға қуана келісіп, кездесу тағайындады.

Белгіленген күні Константин әжесімен бірге Полиция департаментіне келді. Полиция генерал-майоры Ж. К. Сүлейменов өзінің жұмыс кабинетінде онымен кездесті. Әңгіме барысында Костя өзінің оқудағы жетістіктері, шахматқа әуестігі және таңдаған болашақ мамандығы туралы айтып берді.

Бала полицейлердің жұмысы туралы мүмкіндігінше көп білгісі келді және полиция генерал-майоры оған Полиция департаментінің музейінде болып, ішкі істер органдарының қалыптасу тарихымен танысуды ұсынды. Танысу рәсімі Тараз қаласының Жедел басқару орталығында жалғасын тапты. Үлкен бір экраннан бүкіл қаланы көрген Костя өзінің таңданысын жасыра алмады.

Кездесу соңында Жанат Қуанышұлы Константинге мықты денсаулық, оқуда табыс және өз отбасын әрдайым жеңістерімен қуантуды тоқтатпауын айтып, сәттілік тіледі.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің эмблемасы бар қол сағатын облыстың бас полицейі сыйға тартқан кезде Константиннің қуанышында шек болмады.

Соңында, әжесі Виктория Викторовна Михайлова полиция генерал-майорына осындай жылы қабылдауы үшін алғысын білдірді, сондай-ақ бұл кездесу немересінің жадында ұзақ жылдар бойы қалатынына сенім білдірді.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?