Алматыда алаяқтықпен айналысқан ер адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті басшысы Канат Таймерденов мәлімдеді.
«Біздің бөлімнің тергеу бөлімі алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр. Заңсыз әрекеттерді Түркістан облысының тумасы 1987 жылы туылған К.есімді азамат жасаған. Күдікті 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтен адамдардың қаражатын заңсыз түрде ірі көлемде иемденіп алғаны анықталды. Күдікті қылмыс жасау үшін таныстары мен достары арқылы, кейіннен, докторлық дәрежеге ие бола отырып, жоғары оқу орындарына түсуге көмектесуі мүмкін деген қауесет таратты. Тағы басқаларға К.азамат мемлекеттік бағдарламалар бойынша баспана алуға көмектесуге уәде берді. Үшіншілерге жер учаскелерін алу үшін «таныстары» бар екенін айтты. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын көлемі 35 миллион теңгеден асады. Олардың үшеуі полицияға шағым түсірді », — деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.
Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 190 бабы 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?