«Учаскелік инспектор өз міндетін толық орындауы керек. Ал, мақтауға әрқашан уақыт табылады»,- Ералы ЖҰМАХАНБЕТОВ.
Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және халықпен кері байланысты орнату мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов тұрғындармен кездесті. Сұрақтарына жауап беріп, пікірлерін тыңдады. Бұл жолы Ералы Мұсаәліұлы Еңбекші ауданына қарасты №34 және №35 учаскелік полиция тірегінің инспекторларының жұмысымен танысты. Яғни аталған учаскелік полиция пунктерінің 2020 жылдың 9 айында құқық бұзушылықтың алдын-алу, қоғамдық тәртіп сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес сынды салалар бойынша атқарылған жұмыстары барысы тыңдалды. Аумақтық полиция қызметкерінің жұмысына байланысты жергілікті тұрғындар өз пікірін білдіріп, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовке түрлі ұсыныстарын жеткізді. Осы бағыттағы кездесу алдағы уақытта да өткізілетін болады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?