Түркістан қаласының полицейлері косметика ұрлады деген күдікпен жас қызды ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялады. Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне сауда үйлерінің бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер белгісіз тұлғалардың 25 мың теңгеге косметика ұрлағанын анықтады.

Түркістан облысы

Полицейлер бейнебақылау камераларын тексеру кезінде дүкен сөресінен тауар ұрлаған жас қызды байқайды.Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан ҚПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдіктіні «ізін суытпай» ұстады. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты, өз ісін толық мойындады. Күдікті ұрланған косметиканы өз қажеттіліктері үшін қолданған.Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта. Полицейлер оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері сауда нүктелерінің иелеріне абай болуды және өз мүлкін сақтау үшін сақтық шараларын күшейтуді ұсынады. Мүмкіндігінше бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатыңыздар. Ұрланған немесе тоналған жағдайда 102 телефонына хабарласыңыздар. Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?