2020 жылдың 19 қазанында сағат 12:20-да «102» сымтетігіне Шымкент қаласы, 18 мөлтек ауданындағы пәтерлердің бірінде азиат нәсілді белгісіз азаматшаның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шымкент қаласы

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов мәлімдеді.
Тексеру барысында аталған мәйіттің жеке басы анықталды. Ол 2000 жылы туылған Түркістан облысының тұрғыны екендігі анықталды. Мәйітті қарау барысында мойын тұсында қылдындыру белгілері анықталып, сот-дәрігерлік сараптамасының қорытындысымен қылқындырудың нәтижесінде қайтыс болғаны белгілі болды.
Осы жайт бойынша сол күні ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Брифинг


Жедел іздестіру іс-шараларының барысында ізін суытпай, күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Ол 1997 жылы туылған Түркістан облысының тұрғыны. Қазіргі таңға, күдіктіге бұлтартпау шарасы қолданылды. Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?