Қарағандылық полицейлер «Арай» базарына өрт қойған екі күдіктіні ұстады. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаменті мәлімдеді.
21 қазан күні түн ортасында Қарағанды қаласындағы «Арай» базарындағы контейнерлердің бірінен өрт шыққан. Өрт тез өршіп, жалын қасындағы контейнерлерді шарпыған. Салдарынан 14 контейнер өртеніп, жалпы көлемі 200 шаршы метрді шарпыған.
Өрт техникалық сараптама қорытындысы өртті қасақана біреу салғанын анықтады.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 2020 бабы 2 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Қылмысты ашу мақсатында Облыстық Полиция департаменті, Қарағанды қалалық ПБ және Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.
22 қазан күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 және 51 жастағы екі азамат анықталды. Оның біріншісі яғни, Ақмола облысының тұрғынын полиция қызметкерлері Бұқар-жырау ауданы, Ботақара кентінен ұстаса, екінші, Шахтинск қаласының тұрғынын Қарағанды қаласында қолға түсірді. Күдіктілер өртті алдында жасаған ұрлық фактісінің ізін жасыру үшін жасағандықтары туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қарағанды облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?