Ағымдағы жылдың 27 қазанында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері 2020 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс бойынша «Оңтүстік» телеарнасының тікелей эфирінде сұхбат берді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығы 1990 жылы құрылған.
Қызметкерлердің қызметтік иттермен жұмыс істеу бағыттары: есірткі заттарын іздестіру, із кесу, жарылғыш заттарын іздестіру, одорология (детектор иттер), қоғамдық тәртіпті сақтау, асылдандыру, шабуылдау бағыты бойынша Кинологиялық қызмет орталығының кинологтарына іздестіру иттері бекітіліп берілген.
Шымкент қаласының ПД Кинологиялық қызмет орталығының инспектор-кинологтары қылмыс ашу барысында қызметтік іздестіру иттерді 2020 жылдың 9 айында 696-рет пайдаланды. Сондай-ақ, бұл иттердің көмегімен 2020 жылдың 9 айында 16 қылмыс ашылған.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 9 айында қызметтік іздестіру иттерді пайдалану барысында жалпы салмағы 5 кг. 956,12 гр. марихуана есірткі заттары тәркіленіп алынған.
Шымкент қаласының ПД кезекшілік бөлімінде жедел-тергеу тобының құрамында 3-кіші инспектор-кинолог өздеріне бекітілген қызметтік іздестіру иттерімен қылмыстың ізін суытпай ашу мақсатында тәулік бойы кезекшілік атқаруда.
Сонымен қатар, 2020 жылдың қазан айында Шымкент қаласының ПД жедел-тергеу тобымен бірлесе отырып, Кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор-кинологы полиция старшинасы Құмабеков Алмас өзіне бекітілген «Грей» есімді қызметтік іздестіру иттің көмегімен, жоғалған жасөспірім баланы іздеп тапқан.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?