Қоғамдық көлікте тәртіп бұзған жолаушы полицияға жеткізілді.

Еңбекші АПБ қызметкерлері жедел іс-шара жүргізу барысында Шымкент қаласы ПД жедел басқару орталығының бейне камерасының көмегімен 2020 жылдың 23 қазанында шамамен сағат 18.40-та Шымкент қаласы Т.Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан «Күншығыс» аялдамасында тұрған №35 қоғамдық автокөліктің ішінде болған жолаушыны себепсіз ұрған белгісіз тұлғаның жеке басын анықтап, полицияға жеткізді. Ол 1986 жылы туылған жергілікті тұрғын. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады. Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?