Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» КММ басқармаларының бірі басшысының міндетін атқарушысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеді.

Ол шарттары бұрын нақты орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны үшін мердігер ұйым директорынан 900 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат түрінде пара алу күдігіне ілінді. Қалған мән-жайлар тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды. Іс бойынша түпкілікті шешім тергеу әрекеттерін жүргізу нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?