Алматыда Алмалы аудандық полиция Басқармасының қызметкерлері «Участок» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде есірткі заттарының ірі көлемі бар ер адамды ұстады. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді

«Біздің ауданымызда орналасқан пәтерлердің бірінде есірткі заттарының жағымсыз иісі шығатыны және осы пәтердің айналасында үнемі күдікті адамдардың айналып жүретіндігі туралы жедел ақпарат алдық. Ақпарат расталды. Бұл пәтерді, 1989 жылы туған Б.есімді азаматтың жалға алатындығы белгілі болды. Тұрғын үйді тінту кезінде қалтаға оралған есірткі заттары табылды. Күдікті қамауға алынды. Ол Жамбыл облысы, Шу ауданының тұрғыны болып шықты. Ер адам жұмыс істеу үшін Алматы қаласына келген. Ол өзімен бірге шаһар аумағына тарату үшін гашиш түріндегі есірткілерді алып келген. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1 келі 670 грамм болды », — деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.
Қазіргі уақытта есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын заңсыз дайындау, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 296 бабы, 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сотталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?