31 жастағы Алматы тұрғыны ірі ломбардтарды тақырға отырғызатын, өзінің қылмыстық тәсілін ойлап тапты. Кепіл құжаттарын жалған жасау арқылы қаскүнем 110 миллионнан астам теңгені алды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді.
«Күдікті — И.мырза бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Алайда, оның жалған тізбек арқылы материалдық пайда табу мақсатында қылмыстық ойы болған. Ол өзінің «Кадиллак Эскалэйд автокөлігіне VIN кодты ақылды түрде қолдан жасап, бұл көлікті басқа жақтан елге жаңа ғана әкелінгендей етіп көрсетті. Сонымен қатар, ол пайдалану төлемін төледі, содан кейін, көлікті жаңадан, туыстарына немесе достарына тіркеді. Жаңа құжаттар пакетімен ол басқа ломбардқа барып, көлік жүргізу құқығымен автокөлікті кепілге қойды. Қарапайым тілмен айтқанда, жоқ джипті кепілге де-юре ретінде қалдырып, қомақты сомманы несиеге алған. Осы тізбек бойынша алаяқ қаладағы 4 ломбардтты алдап келген. Оның 8 эпизоды бар. Ұсталған адамның әрекеті ҚР ҚК-нің 190 бабы, 4 бөлігі, 2 тармағы — аса ірі көлемде жасалған алаяқтық бойынша квалификацияланған. Оған қатысты «қамауға алу» түріндегі алдын-алу шарасы таңдалды. Осы адамның заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар бізге мына телефондар арқылы хабарласа алады: 8-701-655-55-54, 261-23-86 немесе 102 », — деді, Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Мұхамедәли Сейсенұлы.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?