Түркістан облысында болған жол апатында «Нексия» автокөлігі мен полицияның қызметтік көлігі соқтығысты. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың 14-қарашасында түнгі уақытта Кентау ҚПБ-нің кезекші бөліміне Кентау-Түркістан тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полицейлер анықтағандай, іргелес ауылдардың бірінен жергілікті тұрғын өзінің басқаруындағы «Нексия» маркалы автокөлігімен патрульдік полицияның қызметтік көлігіне соқтығысқан.

ЖКО нәтижесінде 6 адам, яғни екі жүргізуші және екі көліктің 4 жолаушысы түрлі жарақат алды, оларға медициналық көмек көрсетілді.

Бұл жайт қалалық полиция бөлімінде тіркелді. «Нексия» автокөлігінің жүргізушісі жол-көлік оқиғасы жасағаны үшін өз кінәсін мойындады. Анықтаушылар оқиғаның толық мән-жайларын анықтауда. Автокөліктерге материалдық шығын келтірілді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жол жүру ережелерін сақтауды, әсіресе мас халде рульге отырмауды ЕСКЕРТЕДІ. Сондай-ақ, жолдардағы жылдамдықты асырмаңыз, маневр жасау ережелерін бұзбаңыз, қарсы бағытқа шықпаңыз, жол қозғалысы ережелерін естен шығармаңыз. Жүргізуші, сіздің өміріңіз ғана емес, сонымен қатар жолдардағы жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі де жол ережелерін сақтауға байланысты екенін ұмытпаңыз. Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?