Жамбылдық полицейлер шопанның вагонынан есірткі, қару-жарақ пен Қызыл кітапқа енген жануардың етін тапты-деп, Жамбыл облысы полиция департаменті мәлімдеді.

2020 жылғы 12 қарашада «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде Мойынқұм ауданының құмға жақын маңдағы мал жайылымы аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қойшы болып жұмыс істейтін 34 жастағы жергілікті тұрғынның кішкене вагонынан жалпы салмағы 1 келі 310 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар, вагоннан 1 ойық қару, 5 тіркелмеген аңшы мылтығы, 56 аңшылық патрон, сондай-ақ республикамыздың аумағында аулауға тыйым салынған «қарақұйрық» жануарының ұшасы мен басы табылды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 4-бөлімінің 296-бабы (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) және ҚР ҚК 4-бөлімінің 337-бабы (заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін 3 жылға дейін, заңсыз аң аулағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?