Атырау полицейлері баланы қапқан итті тауып, иесін жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

18 қараша күні сағат 16.51-де «102» операторына Жұлдыз-2 ықшам ауданының тұрғынынан жас сәбиді иттің қапқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері 2018 жылы туған сәбиді жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жеткізді.Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жан жақты іздеу шараларымен сәбиді қапқан ит сол ықшам ауданындағы шағын өндірістік базалардың бірінің аумағынан табылды. Иттің иесі – 1985 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны да анықталды. Оған қатысты ӘҚБтК-нің 408-бабының 2-бөлігі «ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?