Алматы полициясы мемлекеттік нөмірі жоқ, жалған нөмірлер және «дауысы қатты шығатын қозғалтқышы» бар көліктерді ұстау туралы жариялады. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Канат Таймерденов мәлімдеді.

Қалалық әкімшілік полицияның мәліметінше, саптағы бөлімшелер жол ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын күшейтті.

«Бұл күндері қалада жергілікті рейдтер жүргізілуде. Патрульдік полиция мен мамандандырылған батальонның жеке құрамы жалған нөмірлік белгілермен жүретін, мемлекеттік тіркеу нөмірлері жоқ, терезелерін қараңғылаған, сондай-ақ, заңсыз көліктерді қайта жабдықтағандарды ұстауға бағытталған. Сонымен қатар, көлік құралдарын алкогольдік мас күйінде басқару фактілеріне ерекше назар аударылуда. Өкінішке орай, мұндай эпизодтар аз емес. Жүргізушілер құрамында әлі де салақтық танытатын азаматтар бар, олар жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді », — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

Спикер, тек өткен тәулік ішінде қала жолдарында мас күйінде көлік жүргізіп, көлік құралын басқарудан босатылған 5 жүргізушінің ұсталғандығын, олардың екеуі жүргізуші куәліктерінен айырылған болсада, мас күйінде рульге отырғанын атап өтті. Тағы бір жүргізуші жалған нөмірлік белгі қолданғаны үшін жауапқа тартылды. Сонымен қатар, өткен тәулікте автокөлік терезелеріне күңгірттеуді қолданудың 18 фактісі, автокөлік құралдарын құжатсыз жүргізудің 23 фактісі, апаттық жағдайдың туындауының 4 фактісі, қарсы жолаққа шығып кетудің 2 фактісі және т.б. анықталды. Іс-шара жалғасуда. Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?