Түркістан облысының полицейлері қыстаудан жоғалып кеткен қос балақайды аман-есен тапты- деп, хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бір күннен бері екі бала із-түссіз жоғалып кетіп, Түркістан облысының жұртын дүрліктірген болатын. Арыс қаласынан 40 шақырым жерде Қожатоғай а.о. маңында орналасқан «Қарағайлы» қыстауынан 11.12.2020 жылы сағат 15:00 шамасында 8 жастағы Жұманиязов Ақжігіт пен 5 жастағы Жұманиязов Нұржігіт есімді қос балақай жоғалған болатын. Бұл туралы олардың анасы жергілікті тұрғын Арыс аудандық полиция бөліміне арызданған.


Арыз бірден тіркеуге алынып, ауа райының құбылуы мен қос балақайдың жас шамасы ескеріліп, оларды тез арада табу үшін Түркістан облысы Полиция департаментінен тәжірибелі полицейлер, яғни криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері аттанған болатын. Оған қоса жан-жаққа балалардың айрықша белгілері бойынша хабарламалар таратылды. Әскерилер мен еріктілер де жұмылдырылды.
Олардың барлығы жаяу аймақтың әрбір түкпірі мен шұңқырына дейін тінтіп шықты. Қажетті деген шаралардың барлығын атқарды. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде, бір тәуліктен соң бүгін міне екі бала да дін аман табылды. Қарындары ашып, суыққа тоңып жаурап қалған балаларды Арыс АПБ ювеналды полиция инспекторы полиция майоры Марс Асанбаев пен полиция сержанты Айдос Тұрсынбай қора-жайдан 10 шақырым жердегі шұңқырдан тапты.


Ойнап жүріп үйлерінен шыққан бағыттан адасып кеткен балалар тамақтандырылып, қажетті көмек көрсетіліп, қазіргі уақытта ата-анасына дін аман табысталды. Балаларды іздеуге көмектескен әрбір жанға шексіз алғысымызды айтамыз!

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?