Ерлан Тұрғымбаев , қамауда жазасын өтеп жүргендердің бірінің, шеге жұтқаны туралы мәлімдеме берсеңіздер?

Ғаламторды ашып қарасам Республика бойынша 2020- жыл көптеген жазасын өтеушілер қасық, шруп, қатты металдар жұтқаны туралы ақпараттар толып тұр. Бұл бекер емес сияқты. ҚР Бас прокуратурасы / Генеральная прокуратура РК және ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК тарапынан қандайда бір түрмелерді тексеру, қамалғандармен кездесулер жүргізілсе, ол құрамға БАҚ өкілдері мен психологтар қосылса жақсы болар еді?- деп жазады, өзінің фейсбук парақшасында Сардар Әбдіжақия.

Түркістан облысы қылмысты-атқару жүйесі департаменті төмендегідей жауап берді:

«Бұл бейне үндеуді 17.10.2020 жылы ИЧ-167/9 мекемесінде жазасын өтеуші сотталған Ибрагимов Бакытжан Жуманбаевич жасаған. Б.Ибрагимов 11.03.2020 жылы Алматы қаласы, Жетісу ауданының № 2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 192 бабы 1 бөлігі, 60 бабымен 4 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылған. Бұған дейін 5-рет сотты болған. Мекеменің күн ретіне кері әсерін тигізу мақсатында өз денсаулығына қасақана зиян келтірген сотталғанға дереу медициналық көмек көрсетілді.Бөгде заттар іш-құрылысынан шығарылды, бұл рентген суретін қайта қарау нәтижесімен расталады. Сотталғанның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Бұл дерек бойынша Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті тарапынан қызметтік тергеу жүргізіліп, кінәлі қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды»

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?