«Кредитіміз бар, бала- шағамызды асырауымыз керек, ақшаны қайдан аламыз?»-деген мемлекеттік бөбекжай балабақшасының тәрбиешілері. Өздері жұмыс жасап жатқан балабақшаның апатты жағдайда деп танылғаны туралы баяндап, тақырыпты толықтырып кетті. Үш жылдан бері кабинетте жылу жоқ, батарейкаларының жарылғанын, тек 2012 жылы күрделі жөндеуден өткен «Ақкөгершін» бөбекжай балабақшасының қазіргі таңда, төбесінен балалар ойнайтын бөлмеге су өтетін айтып беріп, тесілген жерлерін көрсетті. 2018 жылдың қараша айынан кейін еңбекақыларын алуды тоқтатқан бөбекжай балабақшасының міндетін уақытша атқарушы Ләззат Утелбаева, Мемлекеттік балабақшаның салыққа берешегі бар екенін, салық төленгенде ғана, еңбек ақылары төленетінін жеткізді. Бұл балабақша ауыл әкіміне қарасты болуына байланысты, ауыл әкіміне айтқанын және осы күнге дейін нәтиже жоқ екенін хабарлады. 
Қазіргі таңда бұл балабақшада 20 дан астам қызметкер жалақысыз жұмыс жасап келеді.
Аталған мемлеккеттік балабақша орналасқан, Қожатоғай ауылдық округінің әкімі, Зәкірқожа ағамызбен тек, телефон арқылы байланысу мүмкіндігін ие болып, ауыл әкімінен, балабақшаның мемлекетке 57 000 дай салық төленбегені, және сол салықты төлегеннен соң, мәселе шешілетінін айтып сендірді. 
Арыс қаласының әкімі, халық алдында есебінде не айтқаны әзірге белгісіз…
PS: Бұл балабақша бұрында бала саны жетіспей 1 300 000 дай қаражат бөліп келгені туралы тиісті органдарға ресми мәлімет жіберілген болатын.
(жалғасы бар)
Түркістан облысы
Арыс қаласы
шартты сурет

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?