​Қызылорда облысындағы судьялар туралы жағымсыз ақпараттар шыға бастағанын әлеуметтік желілерде оқып, көріп жатырмыз. Алайда адвокат Абзал Құспанның көтерген мәселесі жаға ұстатып отыр.

Абзал Құспан өзінің фейсбук парақшасында жария еткен  «Қызылордалық соттар» атты  ақпаратты, қаз- қалпында көшіріп, халық оқуына мүмкіндік беруге тырыстық
«Кешегі постымның астындағы пікірлер қақ жарылғанын көріп отырмын. Ол түсінікті де, себебі жеке өмір деген түсінік, оның шегі, шекарасы қандай деген сұрақ, қолданыстағы заңнама тұрмақ, айтулы ғалымдар арасында да дау тудырып келе жатқан, әлі тұрақтала қоймаған құқықтық мәселе. Егер оған бас қатырғыларың келсе, Гольдман, Кротов, Курбанов, Романовский, Хужокова т.б. шетел, Ресей ғалымдарының еңбектерін оқуға кеңес беремін.
Ал бірақ, біздің жағдайда жеке өмірге қол сұғушылық орын алып тұрған жоқ. Егер судья Кәмшат пен оның Қызылорда қалалық сотындағы әріптесі тарапынан бұрынғы күйеуіне және кәмелетке толмаған 7 жасар қызына қатысты заңсыз әрекет жасалмаған болса, онда мен Кәмшаттың неше рет күйеуге шыққанын әрине жазбаған болар едім.
Сосын, біраз адам маған сенім білдірген «Н» -да жерден алып, жерге салып жатыр екен, оған қатысты айтарым, ия «Н» мырза кезінде өзінің қатты қателескенін, кейін қатесін түсініп өз отбасына қайта қосылғанын айтқым келеді. «Қателескеннің айыбы жоқ – қайта үйірін тапқан соң» — деген, қазір ол азамат өз отбасымен, бала-шағасымен бір шаңырақ астында өмір кешуде. Ендігі жерде шаңырақтары шайқалмасын деп тілейік!
Бірақ! (бәрі осы бірақтан басталады), оның бала-шағасының қатарына қазіргі кезде анасының тәрбиесіндегі 7 жастағы қызы да кіреді ғой?! Ия қателесті, ия жаза басты, бірақ ешкім, тіпті құдіретті сотта оны 7 жасар «А» -ның әкесі емес деуге қақысы жоқ! Оған Сіздерде келісетін шығарсыз, құрметті оқырман? Әлде айтар дауларыңыз бар ма? Естеріңе сала кетейін кешегі постымда, ол кезде судья емес Кәмшат пен «Н» екеуі 2012 жылы отбасыларынан ажырасып үйленгендерін, ортақ некеден 2013 жылы өмірге «А» есімді қыз бала дүниеге келгенін, 2015 жылы екеуі формальды түрде, ал 2017 жылы іс жүзінде ажырасады. Егер Кәмшат ханымның оған айтар дауы болса, 2016-2017 жылдардағы отбасылық фотоларды, оның ішінде шетелге бірге қыдырғаны бар, қазіргі қалалық, облыстық соттың судьяларымен бірге тойлағаны бар, біразын осы жерге жариялауға болады, бірақ қайтеміз біреулердің жеке өміріне араласып деп отырмыз сол?
Ал енді, мәні бойынша.
Заң жүзінде де, іс жүзінде де 7 жасар «А» -ның әкесі «Н», айдың күні аманда, ел аман жұрт тынышта «А» -ның әкесі болмай шығады. Әкесі екендігі даусыз ғой, бірақ 2019 жылдың 10 қыркүйек күні Қызылорда қалалық сотының судьясы Э.Ахметованың шешімімен, талапкер К.Садуақасованың «А» -ның туу туралы акт жазбасындағы әкесі туралы мәліметтер қатарынан «Н» есімін алып тастау туралы талап арызы толық қанағаттандырылған. Яғни, Қызылордалық құдіретті соттың шешімімен бір сәт ішінде іс жүзінде әкесі, ал құжат жүзінде әкесі емес болып шыға келеді!
Енді ең бастысы, жауапкер «Н» ол сотқа шақырылмайды, сот шешімі оған табыс етілмейді! Бұ жерде қолданыстағы азаматтық процесстік кодекстің қанша бабы, қанша тармағы бұзылғандығын тізбелеп жазып отыру ұзақ уақыт алады, бірақ қажет десеңіздер алдағы постымда тек процестік емес, басқа да заңдардың қандай нормалары бұзылғанын көрсетуге болады (қаншама органға жазған дайын арыз-шағымдарымыз тұр).
Енді ол сот шешімі не үшін қажет болды екен дерсіз біздің басты кейіпкерімізге?
Былтыр, яғни 2020 жылдың басында, баяғы «Н» -мен Кәмшат екеуінің ортақ некесінен туылған «А» -ның туу туралы акт жазбасындағы әкесі туралы мәліметтер қатарына басқа бір азаматтың аты қосылады. Енді осы жерге мұқият назар аударсаңыздар:
Ол азамат бұ күндері марқұм, яғни 2020-ның басында «А» -ның әкесі атануға келісім берген азамат арада бірнеше ай өтер-өтпестен қайтыс болады…
Мен Кәмшат пен марқұмның арасындағы қатынасты білмеймін, олар өзара көңіл жарастырған деп те айта алмаймын, мен сұраған ортақ таныстарының біразы марқұмды Кәмшаттың алдап-арбауына түскен дейді, сондықтан марқұммен Кәмшат арасындағы мәселеде, тек қана құжатқа жүгінемін. Ал құжаттарға сәйкес, марқұммен Кәмшат екеуі ешқашан, ешуақытта некеде болмаған!
Марқұм туралы қысқаша айтсақ, ол азамат тірісінде Сыр еліне танымал кәсіпкер, меценат, отбасылы, балалы-шағалы адам.
Мен осы посттарды жарияламас бұрын, марқұмның отбасына арнайы бардым, көкейімдегі сұрақтарымды қойдым. Марқұмның артында дүние-мүліктен бөлек, үлкен бизнесі қалған. Айтуларынша, сол бизнеске бүгінгі күндері бір емес, бірнеше адам көз салғанға ұқсайды. Марқұмды жерлер-жерлеместен, күніміз сот пен прокуратураны жағалаумен өтуде дейді.
Марқұмның артында қалған дүние мен бизнеске таласушылар арасында 7 жасар қызы «А» -ның әкесі сол еді деп, судья Кәмшатта жүр…«-деп жазады Абзал Құспан.

Оның алдында   — атты мақала жарық көрген болатын. Сілтемеден толығырақ:

Жалғасы бар.
(Сурет шартты, жазылған мақалаға қатысы жоқ)

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?