Жамбылдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында жоғалған баланы іздеп, тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-полиция бөлімінің қызметкерлері 15 минут ішінде жоғалған баланы тапты. 2021 жылдың 29 қаңтарында сағат 19: 55-те Тараз қаласының Жедел басқару орталығының кезекші бөлімінің “102” тетігіне 2013 жылы туған баланың жоғалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Кәмелетке толмаған баланың анасы бұл күні, шамамен бір сағат бұрын, ұлы жалғыз үйден шығып, үйге оралмағанын хабарлаған.

Баланың анасы оның қайда кеткені туралы ештеңе білмейтінін, сондай-ақ ұлының ерекше балалар санатына жататынын және өзі жайында деректерді, сондай-ақ тұрғылықты жері турасында ештеңе айта алмайтынын айтып мазасызданған. Аталған дерек бойынша кідіртпей іздеу шаралары ұйымдастырылды. Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-полиция бөлімінің жеке құрамы дабыл бойынша көтеріліп, баланы іздеуге қатысты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ювеналды және криминалды полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде кәмелетке толмаған бала өте тез, яғни 15 минут ішінде табылып, ата-анасына табысталды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?