Қызылорда облысындағы Қармақшы ауданында газбаллон жарылысы салдарынан 4 адам мерт болды.

Жерлестер!

Бүгін Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Рүстембеков көшесі, 29, жеке тұрғын үйде түскі 13.30 кезінде 27 литрлік газ баллоны жарылып, 144 ш.м. жер өртке оранып, 4 адам қайтыс болды:
С. Өміртаева (2001ж.),
Р. Айтмаханова (1981ж.),
Н. Айтмаханова (2000ж.),
С. Мырхиев (1999ж.).
Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 1950 ж.туған С.Алмаханова хирургия бөлімшесіне жатқызылған.

Өртті сөндіруге ТЖД (16 қызметкер және 4 бірлік техника), ӨКМ (20 қызметкер және 4 бірлік техника), ЖАО (10 қызметкер және 3 бірлік техника), прокуратура (3 қызметкер,
1 бірлік техника), БСМК (8 қызметкер және 3 бірлік техника), КРЭК (3 қызметкер және 1 бірлік техника) жұмылдырылды.

Қайтыс болған азаматтардың туған-туыстарына Сыр елі жұртшылығы атынан қайғыра көңіл айтамын.
Бұл бәрімізге де жеңіл тимеді. Қазіргі таңда осыған байланысты мәселе менің тікелей бақылауымда тұр.
Өрттен, судан, басқа да апаттан аман болайықшы, жерлестер!-деп жазды өзінің фейсбук парақшасында Гүлшара Әбдіхалықова.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?