Жамбылдық полицейлер есірткі сатушылармен белсенді түрде күресуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 15 наурызында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Жасыл Ел-Тараз” ЖШС-мен және “Табысты адамдарды таңдау” қоғамдық бірлестігінің еріктілерімен бірлесіп, “Біз есірткіге қарсымыз!” атты кезекті акциясын өткізді.

– Бүгін облыс орталығында тұрғын үйлер мен мемлекеттік ғимараттардың қабырғаларындағы кодтық сөздер мен есірткі дилерлерінің байланыс нөмірлері бар 80-нен астам граффити – жазулар алынып тасталды және боялды (жыл басынан бері-230-дан астам). Сондай-ақ, облыстық ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Интернет желісін күнделікті мониторингілеу арқылы “Телеграм” қосымшасында жұмыс істейтін есірткіні насихаттайтын 10 интернет-сайтты анықтады. Қазіргі уақытта бұл интернет-сайттар бұғатталған. Осы сайттар мен жазуларды орналастыруға қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іздестіру іс – шаралары жүргізілуде, – деп атап өтті Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Жамбыл облысының тұрғындарына граффити-жазуларды енгізгені және компьютерлік желілерде есірткіні насихаттайтын мәліметтер таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабының 1-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру, 2 – бөлігі бойынша үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазасы көзделгенін еске саламыз.

Сонымен қатар, есірткі заттары бар жасырын орындарды салатын адамдар есірткі заттарын өткізуші ретінде жауап береді және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады, онда баптың диспозициясына сәйкес бес жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал жалпы білім беретін мекемелерде есірткі заттарын өткізу өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жазалары көзделген.

Жамбыл облысының Полиция департаменті немқұрайлы қарамайтын адамдарды еліміздің азаматтары мен болашақ ұрпағымыздың денсаулығына қауіп-қатер төндіретін есірткінің таралуынан туындайтын жалпы проблемадан тыс қалмауға, есірткі қылмысына қарсы күресте белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырады.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?