2021 жылдың  қаңтар айында, ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің персоналмен жұмыс және қызметті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы әрі заңгері Умаров Нұрғиса, «Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Букебаев Бахытжан Кенесбековичті, ҚР  ӘҚБтК-нің 207 бабының 11 тармағының тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттамасын толтырып, айыппұл түбіртегін берген болатын.  Себебі, ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бір көзден тендер беруде әкімшілік  құқық бұзушылыққа жол бергені  көрсетілген. Алайда, «Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бахытжан Букебаев, авторлық келісім шарт бойынша, «Space Media Group» ЖШС-гі айрықша зияткерлік меншік құқық иесі болып табылатынын айтып сотқа  арызданған.

Түркістан қаласының  мамандандырылған сотында, сот отырысына төрағалық етуші  судья Нұрбол Ешпанов іс-материалдарын жинақтап қарап, «Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бахытжан Букебаевтың арызын қанағаттандырып,  ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2021- жылғы 19- ақпанында, ҚР  ӘҚБтК-нің  207-бабының 11-бөлігімен Бахытжан Букебаевты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулысының күшін жойып, оған қатысты әкімшілік құқықьұзушылық істі тоқтатты.

Түркістан облысы, Түркістан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?