«Бір адам бір мұсылман жайында ол жасамағанды жасады деп жала жапса, жалаға ұшыраған адам оны кешіргенге дейін АЛЛАһ тағала оны тозаққа тастайды.»-деп өз пікірін жазып бастаған  «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының міндетін атқарушысы болып Майғазиев Сәкен Қордабайұлы

-«Бюджет бекіткен қаржы әлі бөлінген жоқ, қолымызға бір тиын да тиген жоқ», деп соқырға таяқ ұстатқандай қылып түсіндіріп жатсаң да түсінбейтіндердің көп екені жүрегімді ауыртады. Ғайбаттап, қарғап-сілейтіндерді оқып түнімен ұйықтай алмай шығам-дейді Сәкен Мағазиев

-«Түлкінің қызылдығы өзіне сор», дегендей, «жасыл» аймақтағы жалғыз қала болған соң назарға ілінуіміз де заңдылық. Әйтпесе, (мен келгенге дейін де) мәдениетке бөлінетін жылдағы қаржы осы.
Сәл сабыр сақтаңыздар. Құзырлы органдар тексеріп, журналистер жіті қадағалап, блогерлер бақылап барлығының ақ-қарасын ажыратып береді.

Ал, жария түрде жер жаhанға жар салып, маған жала жауып, «жемқор», тонады», деп негізсіз, дәлелсіз айыптағандар заң алдында жауап беруге дайындала берсін. Жала жабылып, жапа шеккен пендесі мен ЖАРАТУШЫ арасында перде болмайды (дұғасы қабыл) екен. Қарғыс алмай, алғыс алайық, ардақтыларым.
«Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан аз емес.
Жүрегімді байқасам,
Инедейін таза емес», дейді ұлы Абайдың өзі. Кейбір адамдар жапқан жаласының, айтқан өсегінің есебінен таудай күнәмнің бір уысы кемісе де АЛЛАға шүкір етем.
Бүгін Бараат түні. Барша дұға-тілектер қабыл болсын. Құшақтадым!- деп, жазады  өзінің инстаграм парақшасында Сәкен Майғазиев.

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?