«Біз неге кері кеттік?!»-деген тақырыппен ақпарат жариялаған Эльмира Мырза-Гали, сонау жылдарда іргесі қаланып қабырғасы көтерілген Тараз қаласының «Химпоселок» аймағындағы перзентхананың қазіргі таңдағы жағдайын жазып жариялады.

-«Ғимараттың іші суық, краннан аққан су жылымшы, оның ысығанын ағызып қойып күтіп отыру керек. Қарашада берілген нысанның қабырға бояулары әр жерден аршылып кеткен, ал әйнекпен әдіптелген алдыңғы қас бетінде үш күннен бері жауған қардың суы ағып, ішке ағып жатыр. Бұл түрімен тұра берсе, опырылып түседі»-деп жазды Эльмира Мырза-Гали, ағымдағы жылдың 16- наурыз күні.

Ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер компания “Талас-Құрылыс” ЖШС және мемлекеттік тапсырыс бойынша атқарылған жұмысты қабылдап алған басшысы немесе тапсырыс беруші кімдермен ауыз жаласып, қандай адамдармен тіл біріктіріп қалталарын қампайтты екен?- деп ой түйесін мынау көріністен кейін.

Себебі сол күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген, “Талас-Құрылыс” ЖШС мердігер компаниясы 211 246 846 теңгеге, Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы Химпоселок аймағындағы перзентханаға қызмет көрсеткен.

«Госпиталь, где замерзала депутат: загадки КОВИД-стационара Тараза»- тақырыбымен Ratel.kz сайтында жарияланған ақпаратта, бір қаншама суреттер жарияланған. Скринделген суретте, «Городская больница» атымен жазылған жазбада;

-Аталған ағымдық жұмыстар 2020- жылдың 15-тамызында басталып, осы жылғы қазан айының 25 дейін аяқталды, жургізілген құрылыстың сметалық құны 211 246 846,00 мың теңге, бюджетте қарастырылмаған және төленбеген- деп көрсетілген.

Алайда «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің реадакциясына жеткен, қазан айында орындалған жұмыс актісінің көшірмесінде 211 246 846,00 теңгеге қол қойылған.

211 246 846,00 теңге бюджеттен қарастырылмаса, төленбесе, мемлекеттік сатып алулар порталында жоқ болса, 2020- жылдың қазан айына қарастырылған 211 246 846,00 теңгенің орындалған жұмыс актісіне қол қойылған құжат көшірмесін қалай түсінеміз?

 

Құжатта тапсырыс беруші мен мердігер компанияның арасындағы келісім шарт, өтпеген тендерге алдын ала келісім жасай беретін болғаныма олда түсініксіз, жемқорлықтың иісі мүңкіген. Мүмкін Жамбыл облысының әкімдігіне қарасты денсаулық сақтау басқармасы басшысы Қалиев А.А. тендерді келесі жылы, “Талас-Құрылыс” ЖШС мердігер компаниясына нақты жеңдіріп беруіне кепілдік беріп, алдын ала сөз байластыма?

— Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы шешімімен Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесі, 15 мекенжайда орналасқан Тараз қалалық көп бейінді ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінде бұрынғы қалалық перинаталдық орталық ғимараттың А, Б және В корпустарында ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша мердігер ТОО “Талас-Құрылыс” белгіленген- деп жазылған «Городская больница» парақшасындағы скринде.

Ал енді кім айтады, 2020-жылы, 2021- жылғы ойнатылатын, яғни мемлекеттік сатып алулар порталында кім жеңімпаз болатынын, Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы алдын ала біліп отырады ма?

Жарайды, 211 миллион қалтасына басса бассын, ал бұл аталған 211 246 846,00 теңге қазан айына ғана деп көрсетілген құжат көшірмесінде.

Сардар Әбдіжақия

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?