Түлкібас ауданында Азаттық ауылындағы көшеге, ауған соғысы ардагері, марқұм,  Ержан Сайрамбаевтың атымен атап алып, артынша адамдарды «ақымаққа санап» отырған билік өкілі неге жауапқа тартылмайды?
Шешім шығарған шенеунікті, шығарған шешімін шырылдап дәлелдей алмай жүрген азаматтың қолындағы әкім шешімінің көшірмесі дәлел болмай, түп нұсқасы болмаса, төмендегі халық алдында әкімнің қатысуымен, адамдар алдында көшеге берілген Ержан Сайрамбаевтың есімін, қиылған қызыл ленталар дәлелдейді. 

Ал , аудан басшыларымен, ауыл әкімі осы күнге дейін бір шешімін тауып бермеген. Айтатындары, бұрында болған әкімнің әрекеті- деп ақталудан басқа амалдары жоқ сияқты, мардымды жауап жоқ!
Жауапты қоя тұрайық, тіпті шығарылған әкімнің шешімі, архивтерде жоқ болып жатқаны жаға ұстатады.
Көше бойында тұрғын үйлерде жазылған ардагер, Е. Сайрамбаевтың  есімі жойылып, тақтайшалар жұлынған.

Алдағанға халық жақсы ма,  жергілікті әкім, экс-әкім М.Мирхадиров, ауыл ақсақалдарымен бірге  лентасы қиылған көшенің  палауын жеп, дастархан басында бірге отырып, сол көшеге есім беретін шешімнің күшін де жойып тастаған, деп кейінгі әкімдерден ауызша ғана жауап алдық. Президентіміздің ең төменгі сатыдағы сенімді өкілі саналатын ауыл әкімі, тамағын жеп, тағарасына түкіріп кететін әрекет жасайды деп кім ойлаған?
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев, өзінің сенімді өкілдерінің қандай әрекет етіп жатқанын естісе ғой шіркін…
Ол аз дай, аудандық Шамшырақ газетінде, 2017-жылдың 28- тамызы,  конституция күні қарсаңында «Ауған соғысының ардагері еместігі, және демеушілік жасамағаны анықталды» атты, ақпарат жарияланады. Бұл қай сасқандары, әлде аудандық газеттің шашпауын аудан әкімі көтеріп жүрген бе?
Сардар Әбдіжақия
(Жалғасы бар)
Түркістан блысы, Түлкібас ауданы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?