Интимді массаж салоны жеке үйдің атын жамылып жұмыс істеген. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті басшысы Қанат Таймерденов жариялады.
Ғимарат Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан. Сыртынан тұрғын үйге ұқсайтын үлкен коттедж туралы айтып отырмыз. Ішінде өзгеше өмір болып жатты.

«Түнгі сағат онға жақын, тексеру кезінде, жұмыс орнында клиенттерге интимдік қызмет көрсететін 6 массажист сымақ қыздар мен әкімші болды. Бұл әйелдер — біздің отандастарымыз, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарынан келген қонақтар. Қызметкерлердің ең үлкені — 28-де, кішісі — 19-да. Салонның әр қызметкерінің жеке басын тексеру үшін оларды аудандық полиция Басқармасына жеткізді. Массаж салонының иесіне қатысты, жезөкшелікпен айналысуға арналған жезөкшелер үйін ұстауға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 450 бабы бойынша материал жинақталды және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», — деп түйіндеді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Қуатбек Науатов.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?