«ДҰРЫС ЖЕРДЕН СПРАВКА АЛЫП КЕЛГЕНІҢ МАҒАНДА ЖАҚСЫ ЕДІ»- деп сау адамды құжатта «ауру» еткісі келген Кембаева Халима судья бола тура неге өтініштерді үлгісін, арызданушыға жазып беруге дейін барды?- деген  көкейдегі сұрақтарды, ҚР Жоғарғы сот кеңесі жанындағы судьялар жюриі және Президент апаратымен Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асановқа жолдаған болатынбыз.
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы сотының судьясы Халима Кембаева соттасып жатқан тараптың қалта телефонына қоңырау соғып сөйлескен сөздері мен сол тарапқа өтінішті, судья өз қолымен жазып бергені, анықтама алып келуін сұраған және тарапқа неге судьяға хабарласпайтынын айтқан сөздерімен бір қаншама жағдайларды жазып, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңының, Судьялық әдеп кодексінің талаптарын бұзғандығы анықталғаны туралы ресми жауап алынды.

 

Тексеру нәтижесі бойынша судья Х.Кембаеваның іске қатысушы
адамдармен процестік емес байланысқа түскендігі өз дәлелін тауып,
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі
туралы» Конституциялық Заңының, Судьялық әдеп кодексінің талаптарын
бұзғандығы анықталып, оған қоғамдық мін тағылғанын хабарлады,  Қазақстан Республикасы судьялар одағының Түркістан облыстық филиалының Судья әдебі жөніндегі комиссиясының төрағасы Т.Оңғарбаев

Айта кету керек Судья Халима Кембаева Ақмола облысы Қорғалжын аудандық сотының төрағасы болған кезде «Судья әдебі туралы» жазған мақаласын 2017- жылы 716.kz сайтында жақсылап жазған екен. Алайда өзі «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңының, Судьялық әдеп кодексінің талаптарын бұзып қоғамдық мін тағылды.

Түркістан облысы

 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?