Екі қыз өздерін адал риэлтор ретінде көрсетіп, азаматтарды алдады-деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.
Жоқ пәтерлерді жалға берген әйелдер Павлодарда ұсталды.
«1997 жылы туған Б.есімді азаматша және 1994 жылы туған С.есімді азаматша, Павлодар қаласында тұрып жатса да Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген. Анықталғандай, олар өздерінің құйтырқы мақсаттары үшін интернетте пәтер жалға беру туралы жалған хабарландыруларды орналастырған: олар жалдау ақысын төмен қылып көрсете отырып, басқа адамдардың жарнамасынан суреттерді орналастырған. Клиенттермен келіссөздер тек телефон арқылы жүргізілді және өздерінің ниеттерінің тазалығына сендірді, алдын ала төлемді балансқа аударуды ұсынды. Зардап шеккендер ақша жіберген кезде, әйелдер бірден жарнаманы алып тастап, ұялы телефондарын өшірді», — дейді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Қуатбек Науатов.
Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы — алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта бірнеше зардап шеккендер анықталды. Алайда олардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Айтпақшы, бұрын екі әйелдің де соттылығы болған.
Нағыз жарнаманы алаяқтардан ажырату үшін полиция ұсынылатын қызметтер мен тауарлардың шынайылығын тексеруді ұсынады. Күмәнді мәмілелерден бас тартыңыз. Алдын ала төлем жасамаңыз және қызметтердің түпнұсқалығын тексергеннен кейін төлем жасаңыз.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?