Полиция қызметкерінің заңды талабын орындамай бас тартқаны үшін қамаққа алынды. Бұл туралы Түлкібас ауданы соты мәлімдеді.
Түркістан облысының Түлкібас аудандық сотында, ішкі істер органдарының көлік құралын басқаратын адамды белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамай бас тартқан, яғни Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды.
Сотта құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, істеген іс әрекеттеріне өкінетінін айтты.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, осы баппен көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін оған 15 (он бес) тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы және 8 (сегіз) жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?