Қарағанды облысында қысқы кезеңдегі ТЖ жою үшін құтқарушылар мен техникалар дайындыққа келтірілді. Бұл туралы Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

 

Екі күн бойы Қарағанды облысының аумағында «Қыс-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша іс-қимылдарды пысықтау бойынша іс-шаралар өткізілді.

Оқу-жаттығу азаматтық қорғау лауазымды тұлғалары мен құралымдар басшыларының қысқы кезең жағдайында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізудегі практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында өткізілді.

Барлық қалалар мен аудандарда ТЖ бойынша комиссия, азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары жиындары; қысқы кезеңдегі ТЖ жою бойынша практикалық іс-шараларды пысықтай отырып, авариялық-құтқару қызметтері құралымдарының және әскери қолбасшылық органдары бөлімшелерінің әзірлік байқаулары өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтері, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету объектілері қысқы кезеңде жұмысқа әзірлігін көрсетті. Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюды одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Оқу-жаттығуға ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің, ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің жедел-құтқару құрамалары, облыстық, қалалық және аудандық шұғыл ден қою жасақтары, адамдарды іздеу және құтқару командаларының құрамына кіретін азаматтық қорғау қызметтері мен ұйымдарының құрамалары жұмылдырылды.

Қарағанды облысында қысқы кезең жағдайында ТЖ жою үшін 1781 адам мен 472 бірлік техника күші мен құралдары дайындыққа келтірілді.

Тәжірибеге сүйене отырып, облыстағы 590 қар басатын автожол учаскелері күшейтілген бақылауға алынады.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 31 жылыту пунктінің жұмысы ұйымдастырылады (жол-пайдалану басқармасының объектілері және жол бойындағы сервис объектілері: АЖБ, кемпингтер, қонақ үйлер, тамақтану пункттері және т.б.).

Сондай-ақ, 7 трассалық медициналық-құтқару пункті тәулік бойы дайындықта.

Қысқы кезеңнің ықтимал жағдайларына жедел ден қою үшін автожолдардың неғұрлым күрделі учаскелеріне өтімділігі жоғары техниканы бөлу жоспарлануда.

Қарағанды облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?