Түркістан облысының полицейлері билік өкілін қорлаған тұрғынды анықтады- деп мәлімдеді, Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын белгісіз біреудің мас халде тұрғындардың мазасын алып жатқаны туралы хабарлама түсірген. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері мән-жайды анықтауға кіріседі. Тәртіп сақшылары құқық бұзушыны бірден сабырға шақырғанымен ол тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, өзінің дөрекі мінезін көрсетіп, балағаттауын жалғастыра береді.

Осыдан соң полицейлер ер адамды тез арада полиция бөліміне жеткізді. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚК-нің 378-бабы «Билік өкілін қорлау» бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, істі сотқа жолдады.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға мас күйде жүріп, тұрғындардың мазасын алмау керектігін ал өз қызметтік міндетін атқаруға келген билік өкілдерін балағаттап, оларға күш қолданудың соңы қылмыстық жауапкершілікке апаратынын ескертеді. Сондықтан қарсылық көрсетіп, құқық бұзушылық жасағанша, өз қауіпсіздігіңізді ескеріп, заң талаптарына бағынған жөн.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?