Тараз қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығының «102» пультіне облыс орталығының тұрғынынан белгісіз тұлға үйдің ауласына қойылған «Hyundai» маркалы автокөлікті айдап кеткені туралы хабарлама түскен. Толығырақ:

https://www.youtube.com/watch?v=IudAitKgoiQ

Қала аумағында автокөлік ұрлаушыны ұстау бойынша жедел іс-шаралар басталды.

Іс-шара барысында Тараз қ. ПБ жедел басқару орталығының операторлары автокөліктің орналасқан жерін анықтап,одан кейін патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ұрлаушыны ұстау бойынша шаралар қабылдады.

38 жастағы күдікті қала сыртына шығу үшін қуғыннан қашуға тырысып, жоғары жылдамдықпен жүріп, көлікті басқара алмай, «Астана» мөлтек ауданындағы аулалардың бірінде балалар ойын алаңына соқтығысқан.

Көлікті тастап, ол оқиға орнынан бойтасалауға тырысқан. Күдікті ізін суытпай тәртіп сақшылары ұстап, полицияға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

 

Асылхан Заурбеков — Тараз қаласы Полиция басқармасы бастығы

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?