Түркістан облысының полицейлері жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізушіні жауапқа тартты

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде Түркістан облысы Сайрам ауданында орын алған жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы тарап жатыр.

Аталған дерек бойынша, 12.11.2021 ж. түнде Сайрам ауданының тұрғыны «Lexus ES» автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, жасырынуға тырысқаны анықталды. Нәтижесінде жол қозғалысы ережесін бұзушы Сайрам АПБ-ның «Kia Cerato» маркалы қызметтік автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ, автокөліктерге материалдық шығын келтірілген.

Аталған дерек Сайрам АПБ-де тіркелген. Сараптама тағайындалған. Оның қорытындысына сәйкес, «Lexus» жүргізушісі көлік тізгіндеу кезінде мас күйде болғаны анықталды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің үш бабы: 606-б. 1-бөлігі «Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы», 608-б. 3-бөлігі «жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беруі» және 613-б. 1-бөлігі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару»бойынша әкімшілік хаттамалар түзілді. Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?