Түркістан облысының полицейлері жайылымнан қойларды ұрлаған күдіктіні ұстады-деп ресми мәлімдеді, Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ордабасы ауданы ПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан хабарлама түскен. Онда жәбірленуші әйел өзінің екі бас қойын белгісіз азаматтың ұрлап кеткенін көрсеткен. Полиция қызметкерлері аталған деректі ҚК 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша СДТБТ-ға тіркеп, қылмыстық істі ашуға бірден кірісті.

Осылайша тәртіп сақшылары ұрланған қойларды иесіне тауып беру мақсатында жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Полицейлер көрген-білгендерден жауап алып, жақын аумақтарды тыңғылықты қарап шықты. Мал базарлар мен мал тасымалдайтын автокөліктерді мұқият тексерді. Жан-жақты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдікті ретінде бұрын сотты болған жергілікті тұрғын ұсталды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты күдікті ер адам қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай күдікті жайылымда жүрген қойларды көріп, арам ойы туындаған. Содан соң қойларды айдап, сол маңда тұратын танысының үйіне уақытша тұра тұруын сұраған. Арада біршама уақыт өткен соң өзінің басқрауындағы автокөлікпен келіп, уақ малдарды алып кеткен. Алайда полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында көп ұзамай күдікті өзінің тұрғылықты жерінен ұсталды. Оның үйінен айғақты зат ретінде екі бас қой табылып, заңды иесіне қайтарылды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды қырағы болуға шақырады. Егер, сіз, мал ұрлығының құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласыңыз.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?