Алматы облысында анасына тіл тигізгені үшін ер адам көршісін ұрып-соғып, балтамен жарақаттаған. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев мәлімдеді.
Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Қаратал АПБ кезекші бөліміне Үштөбе қаласының тұрғыны өз жеке үйінде қанды киімде көршісін тапқанын айтып, хабарласқан. Түскен қоңырауға жедел жеткен кезекші наряд үйден басында терең кесілген жарақаты бар 32 жастағы ер адамды тапқан. Сонымен қатар, үйде үй иесінің 28 жастағы ұлы да болған. Екеуі де алкогольді масаң күйде.
Дәрігерлерді шақыртқан тәртіп сақшылары жәбірленушіні жедел жәрдем көлігіне жүктеуге көмектескен. Оған дәрігерлермен ашық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, сондай-ақ бастың, кеуденің және белдің кесілген жаралары диагнозы қойылды.
Үй иесінің 28 жастағы ұлы қылмыс жасады деген күдікке ілінді, оның айтуынша, көршісімен болған келеңсіз оқиға ішімдік ішу кезінде орын алған.Оның қонағы болып отырған көршісі анасына әдепсіз түрде тіл тигізе бастаған. Осылайша ауызша дау-дамай соңы төбелеске ұласқан. Нәтижесінде үй иесі балтаны алып, қонағының басы мен денесіне бірнеше соққы жасаған.
Оқиға болған орынды тексеру кезінде полиция қылмыстық іс материалдарына қылмыс құралы ретінде тіркелген балта тауып.тәркіледі.
«Дерек СДТБТ-де тіркеліп, ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіруге оқталу» бойынша тергелуде.Күдіктіге қатысты екі айлық күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды» — деп хабарлады Қаратал АПБ бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Қайрат Нуршанов .
Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
Алматы облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?