Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігіне 30 жыл толды- деп емес,   «ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІНЕ 30 ЖЫЛ»-деп іс-шарасын өткізген түркістандық билік, ресми мәлімдеме беруге қауһарсыз. Әлеуметтік желілерде «желтоқсан көтерілісіне 30 жыл»- деп жазылған, іс-шара барысында фотосуретке түірілген баннердің суреттері таралып кеткен.

Түркістан қаласының әкімдігі, 1986- жыл орын алған желтоқсан көтерілісіне қалайша 30 жыл толғанын түсіндіре алмаса керек, тіпті өткен іс-шарадағы пайдаланылған баннерге жазылған сөздерде қателер өріп жүр. Бұл көрініс, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың мемлекетке, Тәуелсіздік күніне деген құрметі ме, әлде мазағыма ол өздеріне ғана аян.

Бұл қателерге толған баннердегі сөйлемдер тіпті қаланың ішіндегі LED-экрандарға жіберілген. Мемлекеттік  мекемелермен әкімі осындай салғырттық пен мемлекетіміздің Тәуелсіздігіне төмен  көзқараста болса, басқа не күтетінімізді білмейміз. Қарапайым халыққа сабр берсін.

Қала әкімі баннерлердегі жазулардың қатесімен айналыспаса, ең болмағанда «Желтоқсан көтерілісіне 30 жыл»- деп қалай есептей алмаған?

Жалпы Тәуелсіздігімізге 30 жыл толдығой. Әлде Нұрбол Тұрашбеков 2021-1986=? есептей алмағанба. Бір мемлекеттік мекемеде калькуляторда табылмағанба?-дейсің…

Мадина Жұбаныс есімді желі қолданушысы, «Ұлжалғас Сулейменова Түркістан қаласы әкімшілік аппаратының штаттан тыс хатшысы, әрі №27 мектептегі даярлық тобының мұғалімі мына алғыс хатты оқушысына берген»-деп қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтың қолы қойылған алғыс хаттың суретін жариялады.

Аталған алғыс хаттың егесі 5 жасар бала деп жарияланған. Енді даярлық топ болса, әрине 15 жастағы бала болмайтыны бәрімізге белгіліғой. Бір қызығы, 5 жасар балаға, қала әкімі Н. Тұрашбеков:

«Түркістан қаласының өркендеуіне, эканомикасының дамуына, әлеуметтік жағдайдың өсуіне, ынтымақпен бірліктің үйлесімді тұрақтануына және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаныңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін»- депті.

Енді 5 жасар бала қалайша қаланың экономикасының дамуына, әлеуметтік жағдайды өсуіне, қаланың өркендеуіне және қоғамдық жұмыстарға  белсене араласқанын түсіндіріп беретін бір басшыны таба алмай отырмыз.

Сардар Әбдіжақия

Түркістан облысы, Түркістан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?