Шымкентте “Коменданттық сағатты” бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 33 құқық бұзушы тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру мақсатында полицияның қарулы күзетінің сүйемелдеуімен “Halyq”, “Jusan”, “Kaspi” банктерінің банкоматтары толтырылуда. Қылмыскерлерді анықтау мақсатында экстремизм және көші-қон желісі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Жаппай тәртіпсіздік басталғалы бері полиция 2 716 адамды ұстады. 177 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 175-і он бес тәулікке қамауға алынып, екі аламға айыппұл салынды. “Коменданттық сағатты” бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 33 құқық бұзушы тартылды, оның ішінде 25 тұлға қамауға алынды. Бұғаттау бекеттерінде 7 000 автокөлік тексерілді. Жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен сегіз адам ұсталды. Автокөлікті тексеру кезінде бір газ тапаншасы тәркіленді. Күдіктілерден алты патроны бар 16-мм калибрлі тұмсығы кесілген қару, бес жауынгерлік патроны бар 9-мм жауынгерлік калибрге қайта жасалған бір травматикалық тапанша, 7,62-мм калибрлі 67 жауынгерлік патрон және 5,45-мм калибрлі үш жауынгерлік патрон тәркіленді. Сондай-ақ, тәртіпсіздіктер кезінде Алматы облысының “Апорт” сауда орталығынан ұрланған 23 дана “Iphone 11-PRO” және үш “Samsung А-25” жаңа ұялы телефон тәркіленді.  Барлық қозғалған қылмыстық істер бойынша жаппай тәртіпсіздіктердің 52 қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта Полиция департаменті әскери бөлімдері және Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің күштері төтенше жағдай режимінде жұмыс істеуде. Қала шекарасында бұғаттау бекеттері қойылып, “Коменданттық сағат” жүзеге асырылуда, стратегиялық нысандарды күзету күшейтілді, қаладағы қоғамдық-саяси жағдай бақылауда

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?