Шымкенттік полицейлер көлік ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Абай ауданы Полиция басқармасына “102” арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында құны 1,2 млн теңге тұратын ВАЗ автокөлігін белгісіз тұлға заңсыз айдап кеткендігі туралы жазып көрсеткен. Оқиға Байтулы баба көшесінің бойында орналасқан автотұрақта орын алған.

https://www.youtube.com/watch?v=gECzwoKR1ek

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері тез арада келіп, кілтті көлікте қалдырып кеткен жүргізушінің қамсыздығын пайдаланған азамат белгісіз бағытқа айдап кеткендігін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Абай ауданы Полиция басқарамасының криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері іздеуде болған автокөлікті анықтады.

Жүргізуші қашуға тырысқанымен, ұсталып, тиісті Полиция басқармасына жеткізілді. Автокөлікті айдап кету жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тексеру барысында анықталған азаматтың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Оның нәтижесі бойынша азаматтың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Өз кезегінде автокөлік иесі полиция қызметкерлерінің жедел іс-әрекетіне алғысын білдірді.

Шымкент қаласы

 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?