Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Ол — Отанға, туған жерге, ата- анаға, ұстазға , көршіге, бауырға т.б басқа қалаған адамыңызға деген ыстық ықыласыңыз бен ризашылық білдіру. Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті.
Осындай көктемнің алғашқы керемет күні, айтулы мереке Сарыағаш қаласында «1 наурыз — Алғыс айту күні» жоғарғы деңгейде аталып өтілді. Мерекелік іс-шараға аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ардагерлер кеңесі, аналар кеңесі, қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары мен мүшелері, аудандық этномәдени бірлестік төрағаларымен белсенді мүшелері және аудан тұрғындары қатысты. Этномәдени бірлестіктер мен білім беру мекемелері ұлттық көрмелер ұйымдастырды. Келген қонақтарға ақ дастархан жайылды. Аудан әкімі Абдуалиев Қайрат Амангелдіұлы айтулы мерекемен аудан тұрғындары мен қонақтарын құттықтады, іс-шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?