Ұстаз- ол, бар болғаны бес әріптен тұратын бір сөз! Алайда бұл сөз егесін елемейтін ел болғанымыз өкінішті. 
Қолыңды қалам саппен бірге ұстап, партаға еңкейіп, қасымызда отырып жазуды үйрететін, сөйлейтін сөзімізді саптауға жанын салған ұлы тұлға! 
Өзімізден сұрайықшы, әлеуметтік желілерде жазып жатқан сөздерді қайдан үйрендік, адамдармен сөйлеуді үйреткен кім екенін?
Осы бала кезімізде, бесіктен беліміз шықпай шүлдіреген тілдерімізді толық жетілдірген ол ата-ана емес, ол үлкен білім теңізі аталмыш, мектеп ішіндегі адам болмысына, болашағына қызмет ететін мұғалімдер. Бірақ біз бұны ұмытып келеміз. Қазіргі жастарымыздың ұстазға деген қарым- қатынасын естіп, көргенімізде жаға ұстатарлық жағдайға да жетіп келгенімізді байқадым. Тек мұғалімнің кем тұсын іздейтін, өз ұстазының үстінен арызданатын, керек десеңіз, «білім алып, сауатыңды аш»- деген қадірлімізді сотқа да беріп жатырмыз. Мен бұл мақаланы жазардан алдын, өзімнің оқушы болған, мектеп парталарында отырған сәттерімді еске алу үшін, балалық шағыма сапар шектім. Есімде қалғаны, мектепте пісте шақтырмай, есік алдынан қатарға тұрып, қалталарымызды тексертіп, кейін мектеп ішіне кіретінім, сынып ішінде кезекшілік жасап, партада бірге отыратын қыз бен кезекшілік жүргізіп, біріміз су алып келсек екіншіміз еден жуғанымыз, апайдың тақтайға жазып сабақ өтуі үшін тақтаны жалтыратып жуып, борын дайындап отыратынбыз, сынып ішіндегі терезеде қойылған гүлдерге су құятынбыз, мектеп дәлізінде шеттен жүретінбіз, алдымыздан келе жатқан ұстаздарға сәлем беріп, жол беріп құрмет көрететін болғанбыз. Егер сынып ішінде қандай да бір балалық жасап қойған жағдайымызда, мұғалімнің ата- анамызға айтпауы үшін, мектеп директорының құлағына жетпеуі үшін, өз қатемізді мойындап кешірім сұраушы едік қой. Мектеп директоры сабаққа қатысатынын естігенімізде, тәрбиеміздің мығымдығын қараңызшы, түнімен ұйқтамай кітап оқитынбыз. Себебі мектеп директорының жан алғыштай жауыздығынан емес, оларға деген құрметіміз бен, алған тәрбиеміздің басымдылығының арқасы еді. Мектеп кітапханаларының ішінен шықпайтын едік. Мектеп ішілік жарыстарға қатысатынбыз, сол бір жарыс әлі есімде, кітапханадағы кітаптардан кім көп оқиды деп жарыс ұйымдастырылған еді. Сол жарыста өзіміз дәптерден қырқып жасап алған кітапшамызға, алып оқитын кітаптарымызды тіркетіп, үйге барып соны оқитын болғанбыз. Ол. Жарыста жеңіп шығу емес, көп кітап оқу мақсат еді. Себебі сұрап қалса не айтамын деп ойланып, ерінбей оқитын едік. 
Ол кездері бізде, мектепте тамақтану деген ұғым аз еді. Үзілісте мектеп ауласында атқылап турған фонтанға барып, бет- қолымызды жуып, су ішіп қайтар едік. Тек үлкен үзілісте ғана бірең- сараң оқушылар, мектеп асханасы (БУФЕТ)ке барып коржик пен какао немесе шәй алып ішетін. Немесе өзінің анасы үйінде жасап берген бәліштеріп, нанын сөмкесіне салып, алып келіп ішек жалғайтын еді. Қазір деген сол мектеп асханаларында той жасайтындай жағдайлар қарастырылғаны жасырын емес.
Біз оқыған мектептерімізде керемет болған деп айта алмаймын әрине. Біздің уақтымызда зәулім ғимараттар болған жоқ. Бір қабатты мектептерде, ескі, тозығы жеткен, темір, ағаштары сынған, ашылып, жабылатын параталарда да білім алдық емес пе, қадірменді оқырман айтыңызшы?
Осы ұстаздарымыз сол кезде бізді ұрып та жататын еді ғой. Естеріңізде ма, мұғалімдеріміз жүзігі бар саусағы мен шошайтып басымызға ұрғанда, көзімізден от шығып жарқ ете қалатын еді. Ұйқтап отырсақ бор дәл маңдайымызға жылдам жетіп келген кездер…
Бірақ біз соттатпадық, ата-анамызға да айтпадық. Себебі ар- намыс жоғары тұрды, тәрбиеміз мығым болды. Шүкір, рахмет ұстаздарымызға, міне адам болдық!
Тағы еске ала кететін бір жәйт қалып еді айта кетейін. Менің өзім оқыған сыныпта, мектеп кітапханасынан кітаптар, оқу жылының басында таратылатын еді. Ол кітаптарды көрсеңізғой балалар, тозығы жеткендігі сондай, парақтарын түгендеп іздер едік. Ұнмен желім жасап жабыстырып, сары жіппен тігіп алатынбыз. Олда мейлі, кейбір кітаптар бір сыныпқа үш дана берілетін, кезекпен ауысып, сабақтан қалып, көшіріп жазып алып, кейін үйге қайтатын едік. Ата- анамыз сатып алып беретін жағдайы болмады, сатып алатын кітаптың өзі аз, тапшы болатын. Сонда біз мұғалімдерді үйге барып жамандап, «маған кітап бермеді апай», «мені ұрды», «маған кітап жетпеді», «мен еден жудым», «пісте шақтырмай, қалтамды тінтіп, сағыздарымды алып қойды»- деп шағынданбағанбыз. Ұстаздарымыз даналығын кеш болғанда түсінсек, өкініш пен өтіп кететініміз анық. Барды бағалай білгеніміз абзал. Ұлы ұстаздарымыз аман болсын.
С. Әбдіжақия

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?