Жамбылдық полицейлер «гастрольдік» ұрыларды ұстады. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері бірнеше қалта ұрлығы дерегін ізін суытпай бес күдіктіні ұстады.

Күдіктілердің екеуі- Алматы қаласының тұрғындары, ал үшеуі- жергілікті тұрғындар. «Гастролерлер» Тараз қаласына оңай жолмен пайда табуды көздеп келген. Олардың ең үлкені — 30 жаста, ал кішісі- 19 жаста.
Күдіктілерге қатысты сауда орталығы мен қала базарында орын алған ұялы телефондарды ұрлаудың екі дерегі бойынша айып тағылды.
ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Ұсталғандар кінәсін мойындады. Қазіргі таңда олар Тараз қаласының аумағында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?