Алматының екі ауданында аңшылық дүкендердегі қарулар тәркіленді.  Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов тәлімдеді.
Бірінші жағдайда Алмалы ауданының полиция қызметкерлерімен 1990 жылы туған Н.есімді азамат ұсталды. Алматы облысы, Жамбыл ауданында тәртіп сақшылары арнайы іс-шараны жүргізді.
«Күдікті қаңтар оқиғасы кезінде аңшылық дүкенінен қару ұрлағаны үшін сотталды. Ұрланған қару-жарақ қоймасының орны – ауыл шетіндегі үйіндіден анықталды. Нәтижесінде 22 калибрлі «SAVAGE» бұрандалы карабині мен 12 калибрлі «ATA ARMS» тегіс ұңғылы мылтығы тәркіленді. Қылмыстың сыбайластарымен қатар басқа да қару-жарақ жасырылған орындар болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», — деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.
Қаланың Алатау ауданында тонауға қатысқан тағы бір азамат ұсталды. Қаңтар оқиғасы кезінде аңшы мылтығын заңсыз иемденіп алған.
«Қаскөй бұл қаруды көміп тастады. Жасырылған орын табылды. Қару сараптамаға жіберілді. Ал, қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды», — деді, Әуезов аудандық ПБ бастығы, полиция полковнигі Құмарбек Кеншінбаев.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?