Шу қаласының тұрғыны бірнеше ай бойы төлем туралы жалған чектер ұсынып, ірі көлемдегі сомаға тауарлар сатып алып отырған. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Сілтемеден толығырақ:

https://www.youtube.com/shorts/18gpOf71LJs

Осындай шағыммен полиция бөліміне 58 жастағы жеке кәсіпкер әйел жүгінген. Кәсіпкер әйел орын алған алаяқтық дерегінің 2 ай мерзімге созылғанын хабарлаған. Дүкен иесі алданғанын кездейсоқ білген. Қызына ақша аударуға қатысты қоңырау шалған кезде, шотында ақшасы болмаған.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Шу ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 26 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады.

Тергеу нәтижелері анықтағандай, ер адам жалған чектер жасау үшін қосымшаны пайдаланған. Күдікті тауарларды тек үлкен көлемде сатып алып, 1 500 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Жамбыл облысының Полиция департаменті кәсіпкерлерге қырағы болып, тауар сатып алуда қолма-қол ақшасыз төлемді тек банк терминалдары арқылы қабылдау қажеттігін ескертеді.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?