Алматының тұрғын алабында есірткі үйі жойылды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Тамерденов мәлімдеді.
Оны 48 жастағы әйел басқарған. Жәдел уәкілдердің мәліметінше, ол нашақорларды өзінің «Жетісу» ықшамауданындағы пәтеріне жинап қана қоймай, оларға есірткі, оның ішінде синтетикалық препараттарды да жеткізіп беріп отырған.

«Арнайы іс-шара өткен күні жүргізілді. Пәтерге барған кезімізде, ол жерде В.есімді азаматшадан бөлек тағы алты адам болды, оның ішінде біреуі — әйел. Жеке тінту кезінде екі «қонақтан» есірткі табылды. Ал күдіктінің пәтерінен ерекше иісі бар ұнтақ тәрізді заттар салынған екі бума, шприцтер, ақша және есірткіні қолдануға арналған басқа да құрал-жабдықтар табылды және процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Сонымен қатар, арнайы іс-шара кезеңінде В.есімді азаматшаның қылмыстық әрекеті ресми түрде құжатталған: ұсталғанға дейін аз уақыт бұрын әйел өз клиенттерінің біріне психотроптық зат сатқан», — деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сағындық Аяғанов.
Баяндамашының айтуынша, қылмыстық іс бірден Қылмыстық кодекстің екі бабы: ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды заңсыз сақтау және өткізу дерегі бойынша) және ҚР ҚК-нің 302-бабы 1-бөлігі (есірткі үйін ұйымдастыру дерегі бойынша) тергелуде. В.есімді азаматша қамауға алынды.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?